Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иисус Навин
Параллельные места
Құдайымыз Жаратқан Ие өздеріңе істегендей ағайындарыңа да тыныштық сыйлап, оларға Иордан өзенінің батыс жағындағы жерлерін табыстамақ. Ағайындас руларың сол жерлерін иемденгенге дейін оларға қол ұшын беріп көмектесіңдер! Содан кейін мен өздеріңе табыстаған жерлеріңе бәріңнің де қайта оралуларыңа болады». Сол шамада Ешуа Рубен, Ғад руларының және Манаса руының (Иорданның шығысында қоныстанған) жартысының жасақшыларын шақырып алып, былай деді:— Сендер Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның берген барлық бұйрықтарын ұстанып, менің өздеріңе айтқандарымды да бұлжытпай орындап келесіңдер. Ұзақ уақыт бойы, күні бүгінге дейін бауырластарыңды тастап кетпей, Құдайларың Жаратқан Иенің жүктеген міндеттерін іске асырып келдіңдер. Міне, Құдайларың Жаратқан Ие Өзі уәде еткеніндей исраилдік бауырластарыңа тыныштық сыйлады. Енді сендер Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның Иордан өзенінің шығысында үлестіріп берген жерлеріңе қайтуларыңа болады.
Иисус Навин
Выбор основного перевода