Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса оларға:— Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: әрқайсың семсерлеріңді белдеріңе байлап алып, қонысты бір қақпасынан екінші қақпасына дейін әрі-бері аралай жүре, (күнәға батқан) бауырларың, дос-жарандарың мен көршілеріңнің көзін құртыңдар! — деді. Сондықтан Мен, мәңгі тірі Жаратқан Ие, өз атыммен ант етіп былай деймін: Менің киелі үйімді өздеріңнің жексұрын тәңір мүсіндеріңмен әрі жексұрын салт-дәстүрлеріңмен арамдап тастағандықтан, Мен енді сендерді қырып тастаймын. Сендерге аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Енді Мен саған аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Қайта, істеген зұлым да жексұрын іс-әрекеттеріңнің сазайын тартқызамын. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар». Енді Мен саған аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Қайта, жексұрын іс-әрекеттеріңнің сазайын тартқызамын. Сонда өздеріңді ұрып-соққан Мен, Жаратқан Ие, екенімді білетін боласыңдар.
Выбор основного перевода