Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал сұмдар Құдайға жақындамайды,Олар адамдар қолына да алмайтынПайдасыз тікенектерге ұқсайды. Осылай болғандықтан, Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Орман ағаштарымен салыстырғанда жүзім бұтасының ағашы өзге пайдаға аспай, отқа жануға тасталады. Сол сияқты, Мен пайдаға аспаған Иерусалим халқына да солай жасамақпын: Су бойына орналасқан жүзімдіктегіЖүзім бұтасына анаң ұқсас еді.Сол бұта мол судан жемісті көп берді,Бұтақтары жайқалып тұратын еді. Бұтақтарының күшті болғаны сонша,Лайықты билеуші асатаяғына.Қалың жапырақтан сол бұта асқақтады. Әйтсе де ұшырап жаудың қаһарына,Жерге тасталды тамырымен жұлына,Шығыстан соққан аңызақтан қурады,Бар жемістерінен бұта айырылды,Күшті бұтақтары оның қурап қалды,От оларды аяусыз құртып жалмады. Сол бұта қазір жаңбырсыз шөл далада,Қуарған сусыз мекен — иен далада. Оның үлкен бұтақтарының біріненОт шығып, жалмап қойды жемісін барша.Билеушінің асатаяғы болуғаЛайықты күшті бұтақ қалмады онда.Бұл — жоқтау жыры, ол жоқтау мәнерімен айтылсын. Кім Менімен байланыста тұрмаса, сол кесіліп тасталған сабақтар іспетті «сыртқа лақтырылып, кеуіп қалады». Кепкен сабақтар кейін жиналып, отқа жағылып, жанып кетеді.
Выбор основного перевода