Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер Құдайларың Жаратқан Иені шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен сүйіп, қайтадан елдеріңде өмір сүре алуларың үшін Ол сендердің және ұрпақтарыңның жүректеріңді жаңартып, күнәдан тазартатын болады. Егер де Маған шын жүректен бет бұрып сиынып Мені іздесеңдер, табасыңдар. Осылай сендер Менің халқым, ал Мен сендердің Құдайларың боламын. Қайта, Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді олардың ақыл-саналарына дарытамын әрі жүректеріне «жазып» та қоямын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады. Мен оларға біртұтас жүрек сыйлап, жаңа рух дарытамын. Көкіректерінен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын. Тіпті қазірдің өзінде Жаратқан Ие мынаны нық айтады: «Шын жүректен Маған қайтыңдар, ораза ұстап, жылап қайғырыңдар!» Оларды Иерусалимде тұруға бастап әкелемін. Олар Менің халқым, Мен олардың Құдайы болып адалдық пен әділдік танытамын». Қайта, Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді олардың ақыл-саналарына дарытамын әрі жүректеріне «жазып» та қоямын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады, — дейді Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода