Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Содан Азариях патшамен кездесу үшін жолға шықты да, оған тіл қатып былай деді: «Уа, Аса және бүкіл Яһуда мен Бунямин халқы, құлақ асыңдар! Сендер Құдаймен бірге жүргендеріңде Ол да сендермен бірге жүріп жар болады. Егер де Оған бет бұрып сиынып Оны іздесеңдер, таба аласыңдар. Бірақ Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады. Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған. Күнәларыңнан арылып, тазарыңдар! Көз алдымда жасап келген зұлым істеріңді тоқтатып, жамандық атаулыдан бас тартыңдар! Сондықтан халыққа былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер! Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. —
Выбор основного перевода