Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Осыдан кейін, Артақсерікс парсы еліне патшалық құрып тұрған заманда да, Бишлам, Митредат, Табеил және олардың қызметтестері арамей тілінде жазылған төмендегі хатты жіберді. Хат патша үшін (парсы тіліне) аударылды. Әмірші Рехум және хатшы Шимшай Артақсерікс патшаға Иерусалим үстінен шағымданған бір хатты салып жіберді. Олар сол хатты әмірші Рехум, хатшы Шимшай және өздерінің қызметтестері — төрешілер мен әкімдердің атынан жазды. Осы қызметкерлер Тарпел, Персия, Ерех, Бабыл, Сузы, Дехай және Елам аймақтарынан жер аударылып келгендердің үстінен қарайтын. Ұлы да даңқты Аснапар патша кезінде жер аударып, Самарияға және Батыс Евфрат өлкесіндегі өзге жерлерге қоныстандырған басқа ұлттардың адамдары да сол қызметкерлердің қарамағында болды.
Выбор основного перевода