Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Жыл сайын Ашымаған нан мейрамын тойлаңдар! Өзім бұйырғандай, жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Мұны (көктемнің) абиб айының белгіленген мезгілінде өткізіңдер, себебі Мысырдан сол айда көшіп шыққан едіңдер.Ешкім Менің алдыма құр қол келмесін! Далаға еккендеріңнің бастапқы өнімдерін жинағанда Алғашқы өнім мейрамын тойлаңдар!(Ауылшаруашылық) жылының аяғында, яғни сендер егістіктерің мен бау-бақшаларыңда өнім жинайтын мезгілдеріңде, Сабантой мейрамын өткізіңдер! — Исраил халқына мынаны айт: жетінші айдың он бесінші күні Жаратқан Иеге арналған Күркелер мейрамы басталады; ол жеті күнге созылады. Сонда Балағам Балаққа мына жауапты қайырды:— Маған жіберген елшілеріңе-ақ былай деп айтпап па едім: Балақ маған сарайын алтын-күміске толтырып берсе де, мен Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығып, не жақсы, не жаман болсын, еш нәрсені де өздігімнен істей алмаймын. Мен тек Жаратқан Иенің айтқанын ғана айтатын боламын. Ал енді, мен өз халқыма қайтпақпын. Кәне, болашақта мына халықтың сіздің халқыңызға не істейтіні жайлы ақыл берейін, — деді. Сонымен Балағам мына нақыл сөзін айтып берді:«Мынау — Беғор ұлы Балағамның айтқан сөзі,Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі, Құдайдың айтқан сөздерін еститіннің,Тағаланың білдіргенін білетіннің,Көздері ашық күйі сіресіп құлап,Құдіреттінің аянын көретінніңАйтқандары (тыңдаған пенде құлақ түрсін!): Көріп тұрмын оны, бірақ қазір емес,Байқап тұрмын оны, бірақ жақын емес:Жақыптан бір жұлдыз туатын болады,Исраилден ұлы патша шығатын болады.Ол Моабтың әміршілерін таптап жояды,Шеттің бар ұрпақтарының көзін құртады. Сонда ол Едом елін басып алады,Сейірдегі жаулары оған бағынады,Ал Исраил үнемі күшейіп нығаяды. Жақыптан мықты билеуші шығады,Ирдағы тірі қалғандардың көзін құртады!» Балағам Амалек халқына көз салып мына нақыл сөзді айтты:«Амалек халықтардың алғашқысы еді,Бірақ ақыр соңында ол құрып бітеді». Балағам кендіктерге де көз салып, олар туралы мына нақыл сөзін айтты:«Сондай берік екен сенің тұрағың,Жартасқа салынған, қауіпсіз екен ұяң. Алайда, кендіктер, сендер қырыласыңдар,Ассурға көп кешікпей тұтқын боласыңдар». Содан соң Балағам мынадай нақыл сөз айтты:«Оу, Құдай солай еткенде кім тірі жүрер, Ал Киттим жағасынан жүзіп келген кемелерАссурға әрі Еберге жәбір көрсетер,Бірақ өздері де кейін күйретілер». Осыны айтып болғанда Балағам орнынан тұрып, еліне қайтып кетті. Балақ та өз жағына жөнелді. Олар Жаратқан Иенің халыққа Мұса арқылы тапсырған Таурат заңында жетінші айдағы (Күркелер) мейрамы кезінде исраилдіктердің күркелерде тұруы керектігі туралы жазылғанын тапты. Сондықтан олар тұрып жатқан барлық қалаларында және Иерусалимде: «Қыраттарға шығып, сол жақтан зәйтүн, жабайы зәйтүн, мирта, құрма және басқа да жапырақты ағаштардың бұтақшаларын жинап алып келіңдер! Солардан Тауратта жазылған ережеге сай күрке жасаңдар!» — деген жарлықты жариялады. Сонда халық далаға шығып кетті де, бұтақшалар әкеліп, өз үйлерінің жалпақ төбесінде не ауласында, Құдайдың киелі үйінің аулаларында және Су қақпасы мен Ефрем қақпасының маңындағы алаңдарда күркелер жасады. Жер аударылудан қайтып келгендердің бүкіл қауымы күркелер жасап, соларда тұрды. Нұн ұлы Ешуаның заманынан бері исраилдіктер осы мейрамды бұлайша өткізбеген еді. Сондықтан халық зор қуанышқа кенелді. Сонда Иерусалимге қарсы келген халықтардан тірі қалғандары енді жыл сайын Патшаға, Әлемнің Иесіне, ғибадат етіп, Күркелер мейрамын тойлауға келетін болады.
Выбор основного перевода