Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Бұдан былай менің сарайымды қарамағыңа аласың, бүкіл халқым сенің айтқаныңмен жүруге тиіс. Мен патшалық тағыма байланысты ғана сенен жоғары боламын. Бірақ хоронайымдық Санбаллат және аммондық қызметкер Тобиях менің келе жатқаным туралы естігенде, екеуі біреудің исраилдіктерге жақсылық жасамақ болып келгеніне қатты наразыланды. Осы оқиғалардан кейін Ахасуер патша Агагтың ұрпағы Амадат ұлы Хаманды көтеріп, дәрежесін өсірді. Патша Хаманның лауазымын өзінің қасындағы күллі әміршілерден де жоғарылатты. Мардохай Ахасуер патшаның барлық жүз жиырма жеті аймағындағы яһудилерге тыныштық пен аман-есендік тілеген сәлемхаттарын жіберді. Сонда Белшазардың әмірі бойынша Даниялға күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылды. Ол патшалықтың үшінші билеушісі деп жарияланды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Выбор основного перевода