Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Құдай адам толықтай ұға алмайтын ғажап істерді істейді, сан жетпес кереметтерді жасайды: Ал бұлар Құдайдың істерінің жай бір бөлігі ғана, Оның Өзі туралы естігеніміз тым аз! Егер Оның құдіреті туралы дүркіретіп жарияланса да, оны кім түсіне алар еді? Сен іш құрылысымды қалыптастырдың,Ана құрсағында мені жараттың. Тамаша жаралдым, Сені мадақтаймын,Керемет ғажап — жасаған істерің,Мұны мен шын жүректен мойындаймын. Мен ана құрсағында қалыптастым,Құпия жерде жатқанда жаратылдым,Сенен таса болмады сонда сүйектерім, Таңғалдырар мені үш, тіпті төрт нәрсе бар,Шамам жоқ менің оларды ұғына алар: Аспанда самғар қыранның жолы,Жартаста жылжыған жыланның жолы,Теңізде жүзген кеменің жолы,Қыз жүрегінің кілтін тапқан жігіттің жолы. Құдай әр нәрсені өз уақытына сай көрікті етіп жаратты. Ол адамның жан дүниесіне мәңгілікті сезетін түйсікті дарытты. Әйтсе де адамдар Құдайдың әуел бастан аяғына дейін не істегендерін түсіне алмайды. Сонда мен Құдайдың істерінің бәріне назар салып, мынадай қорытындыға келдім: Осы өткінші дүниеде болып жатқан жайттарды пенде толықтай ұғына алмас. Адам оны зерттеп білуге қаншама тырысса да, осы мақсатқа ешқашан жете алмайды. Кейбір ақылды адам «мен оны түгелдей білемін» деген пікір білдірсе де, шын мәнінде ол солай емес. Жел қалаған жерінде соғады: оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі Рухтан туылған әр адамның басынан өткені де осыған ұқсас, — деді.
Выбор основного перевода