Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Мен әкеңнің Құдайымын әрі Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын, — деді.Мұса Оған қарауға дәті бармай, бетін жауып алды. Құдай сөзін жалғап тағы былай деді: — Исраилдіктерге мынаны да айт: «Ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие мені сендерге жіберіп отыр. Мәңгі бақи Менің атым осылай болмақ. Күллі келер ұрпақтар да Мені осы есіміммен естеріне сақтасын». (Тәңір Ие былай дейді:) «Біліп қойыңдар, Менің Қызметшім ақыл-парасатпен әрекет жасайды. Ол беделі артып, дәрежесі жоғары көтеріліп, ұлан-ғайыр дәріптелетін болады. Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады. Ол солардың күнәларын өз мойнына алады. «Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын» дегенін оқымап па едіңдер? Демек, Ол — өлгендердің емес, тірілердің Құдайы! Оны байлатып, әмірші Пилатқа алып барып, табыс етті. Ал өлгендердің тірілуі жайында Мұса пайғамбардың қалдырып кеткен Таурат кітабындағы тікенді бұта туралы бөлімді оқымап па едіңдер? (Ыбырайым, Ысқақ және Жақып дүние салғаннан көп жыл өткен соң) Құдай Мұсаға былай деді: «Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын». оларға былай деп шешімін айтты:— Мына Адамды халықты бүлдіріп жүр деп, маған алып келдіңіздер. Міне, мен Оны алдарыңызда тергеп, бұл Адамнан сіздер айыптайтындай ешқандай кінә таппадым! Ирод та солай етті, өйткені мен Оны соған жіберген едім. Демек, Ол өлім жазасына кесетіндей ешқандай қылмыс жасаған жоқ. Сондықтан Оны соқтырып, босатып жіберемін. — (Себебі мейрамның құрметіне әміршінің халыққа бір тұтқынды босатып беруі керек болатын.) Бірақ жиналған халық түгелдей:— Ол өлтірілсін! Орнына бізге Бараббаны босатып беріңіз! — деп қатты айқайлап жауап қайтарды. Барабба қалада бүлік шығарып, кісі өлтіргені үшін түрмеге жабылған еді. Пилат Исаны қоя бермекші болып, қайтадан даусын көтере сөйледі. Бірақ олар:— Айқышқа шегеленсін, айқышқа! — деп шулап кетті. Пилат оларға үшінші рет:— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? Мен Одан өлім жазасына кесетіндей ешқандай кінә таппай тұрмын. Сондықтан Оған дүремен сабақ беріп, босатып жіберемін, — деді. Бірақ басты діни қызметкерлер мен халықтың көпшілігі бар дауыспен:— Оны айқышқа шегелетіңіз! — деп айқай салып талап ете берді.Ақырында олар айқайларымен дегендеріне жетіп, Ал Иса Құдайдың еркімен және алдын ала білуімен құрбан етілді: сендер Оны Құдайға мойынсұнбаған шетелдіктердің қолымен айқышқа шегелетіп өлтірттіңдер! Ата-бабаларымыздың сиынатын Құдайы сіздер ағашқа іліп өлтірген Исаны қайта тірілтіп алды. «Мен ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын» деген даусын естиді. Бұдан қорқып, дірілдеп кеткен Мұсаның қарауға дәті бармайды.
Выбор основного перевода