Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол түні Иеміз Пауылдың жанында пайда болып: «Батыл бол! Маған Иерусалимде куә болғаныңдай, Римде де куә болуға тиістісің», — деп аян берді. Ал мен оның өлім жазасына кесер қылмысы жоқ деп таптым. Бірақ өзі римдік патшаның сотын талап еткендіктен, оны соған жөнелтпек болып шештім. Агриппа да Фестке:— Римдегі патша сотын талап етпегенде, мұны босатып жіберуге болар еді, — деді. «Қорықпа, Пауыл! Сен римдік патшаның алдына баруға тиіссің! Біліп қой: Құдай тілегіңді ескеріп, сапарластарыңды өлімнен аман алып қалады». Бірақ яһуди басшылары бұған қарсы шыққандықтан, римдік патша сотын талап етуге мәжбүр болдым. Ал мұнымен мен өз халқымды айыптайын деп отырған жоқпын.
Выбор основного перевода