Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар Иемізге ғибадат етіп, ораза тұтып отырғанда Киелі Рух: «Мен арнайы шақырған іске Барнаба мен Саулды Өзіме бағыштап шығарып беріңдер!» — деді. Керісінше, Ізгі хабарды яһуди халқына уағыздау Петірге қалай тапсырылған болса, Ізгі хабарды басқа халықтарға уағыздаудың маған да солай аманатталғандығына көздері жетті. Өйткені Петірдің яһудилер арасындағы елшілік қызметін қолдаған Құдай менің басқа халықтар арасындағы қызметіме де жар болды. «Қауымның тіректері» деп саналатын Жақып, Петір және Жохан Құдайдың маған берген рухани дарынын мойындап, менімен және Барнабамен қол алысып, қатынасымызды бекіттік. Сонымен біз Ізгі хабарды басқа халықтарға, ал олар оны яһуди халқына алып барсын деп келістік.
Выбор основного перевода