Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адамның Құдайға бағышталып назир антын ұстанған кезінде оның басына ұстара тимеуі тиіс. Жаратқан Иеге өзін ерекше бағыштаған киелі мерзімі біткенше ол шашын өсіре берсін. Адамның назир болып Құдайға ерекше бағышталған мерзімі аяқталған кездегі рәсімдер туралы заң мынау. Назир антын берген адам кездесу шатырының кіреберісіне келтірілсін. Ол Жаратқан Иеге арнап мына құрбандықтарды: бір жасар мінсіз еркек тоқтыны — түгелдей өртелетін құрбандыққа, бір жасар ұрғашы тоқтыны — күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа және бір мінсіз қошқарды — Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандыққа алып келсін. Осыған қоса ол бір себет таңдаулы бидай ұнынан зәйтүн майымен араластырылып пісірілген ашымаған нан, зәйтүн майы жағылған шелпек, сондай-ақ астық және сұйық тартуларын да әкелсін. Діни қызметкер осыларды Жаратқан Иенің алдына әкеліп, күнәнің құнын өтейтін құрбандықты және түгелдей өртелетін құрбандықты шалып ұсынады. Бұдан кейін Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандығы ретінде қошқарды шалып, ашымаған нан тартуы бар себетті қоса әкелсін. Сол сияқты, діни қызметкер астық және сұйық тартуларын да ұсынсын. Содан соң назир болған кісі басындағы назирлікке бағышталған кезде шыққан шашын кездесу шатырының кіреберісінде қырықсын. Оны Құдаймен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандығының астында жанып жатқан отқа салып өртеп жіберсін. Өзін Жаратқан Иеге антпен ерекше бағыштап назир болған адамның жасайтын тартулары туралы заң осы. Егер назир болған адам өзі ұсынуға тиісті тартуларына қоса басқа нәрсені де ұсынуға серт берген болса, онда өзінің сол сертін де бұлжытпай іске асыруы қажет. Пауыл тағы едәуір күн Қорынтта аялдағаннан кейін бауырластарымен қоштасып, (жақын маңдағы) Кеніхрея қаласына барды. Сонда ол Құдай алдында ант бергендіктен шашын алғызып тастады. Мұнан кейін Прискила мен Ақиланы ертіп кемемен Сирияға қарай жүріп кетті. Сонымен Пауыл келесі күні әлгі кісілерді ертіп алып, бірінші тазару рәсімінен бірге өтті. Содан кейін ғибадатханаға барып, тазару мерзімінің аяқталып, әрқайсысы үшін құрбандық шалынатын күнді діни қызметкерге хабарлады. Ғибадатханада тазару рәсімінен өтіп жатқан кезімде қасыма жиналған халық та, айқай-шу да болған жоқ.
Выбор основного перевода