Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды. Осылайша (халық Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі) екінші жылдың бірінші айының бірінші күні Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы құрастырылды. Сонда кездесу шатырын (бағана тәрізді) бұлт басып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы Оның нұрлы салтанатына кенелді. Осылайша Жаратқан Иенің бағана тәрізді бұлты киелі шатыр үстінде күндіз тұрып, түнде бұлт ішінен от жанып, бәріне де көрінетін. Исраил халқы мұны көшіп-қонып жүрген уақытының бәрінде көріп отырды. Сен халықты күндіз бағана тәрізді бұлтпен жетеледің, ал түнде олардың жүруге тиісті жолдарына жарық түсіру үшін жалындаған от бағанасымен алдарында жүріп отырдың. Ата-бабаларымыз тіпті жас бұқа мүсінін құйып жасап алып, бір-біріне: «Сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы!» десіп, Өзіңе қарсы шығып қорлық жасады. Солардың ұрпақтарынан жасырмаймыз,Келер буынға оларды жариялаймыз:Жаратқан Иенің даңқты істерін,Оның құдіреті мен кереметтерін.
Выбор основного перевода