Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тазару рәсімінен өтіп жатқан адам киімдерін жақсылап жуып, денесіндегі шашы мен түгін түгел қырып алып тастап, сумен жуынып тазарсын. Осыдан кейін оған ел қонысына кіруге болады, бірақ жеті күн бойы үйінің сыртында тұруға тиіс. Жетінші күні ол шашын, сақалын, қастарын және денесіндегі бар түкті түгелдей қырып алып тастасын. Адам киімдерін жақсылап жуып, денесін де сумен жусын, содан кейін таза болып саналады. Леуіліктер күнәларынан тазару рәсімінен өтіп, киімдерін жуды. Һарон оларды Жаратқан Иеге ерекше тарту ретінде ұсынып, оларды күнәларының арамдығынан тазартатын құрбандық шалды. Арамданбаған басқа бір адам өртелген баспақтың күлін жинап алып, оны ел қонысының сыртындағы бір таза жерге апарып сақтап қойсын. Осы күл исраилдіктердің жамағаты үшін тазару рәсімінің суында қолдануға сақтала берсін. Бұл рәсім күнәдан тазарту үшін жасалады. Осындай арамданған адамды тазару рәсімінен өткізу үшін алдымен шалынып, өртелген жирен баспақтың біраз күлін ыдысқа салып, үстіне ағынды судан құйсын. Арамданбаған бір адам сайсағыздың бір бұтақшасын ыдыстағы суға малып алып, сонымен суды сол үйге, ондағы бұйымдар мен адамдардың бәріне бүріксін. Ол, сондай-ақ, өлген адамның сүйегіне, қаза тапқан не өз ажалымен өлген адамның мәйітіне немесе қабіріне жанасқан әркімге арнайы суды бүркіп себуі қажет. Содан соң үшінші және жетінші күндері таза адам арамданған адамға сол судан бүріксін. Осылайша оны жетінші күні арамдығынан тазартады. Сол күні адам киімін жуып, өзі сумен жуынсын, сонда ол кеште арамданбаған болып саналады.
Выбор основного перевода