Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Киелі шатыр үшін он жабын жасат. Олар жіңішке зығыр және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден тоқылып, бетіне керубтердің бейнелері шебер кестеленсін. Барлық жабындардың көлемі бірдей болсын: ұзындығы жиырма сегіз, ені төрт шынтақтан. Жабындарды бес-бестен қатарластыра біріктіріп тіккіз. Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін әрқайсысының бір жақ шетіне қою күлгін жіптен баулық сияқты елу ілгек дайындатып бекіттір. Екі жапқыштың жиегіндегі елу-елуден жасалған ілгектер бірдей қашықтықта бір-біріне тұспа-тұс келсін. Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін әрқайсысының бір жақ шетіне қою күлгін жіптен баулық сияқты елу ілгек дайындатып бекіттір. Екі жапқыштың жиегіндегі елу-елуден жасалған ілгектер бірдей қашықтықта бір-біріне тұспа-тұс келсін. Алтыннан елу ілмек шығыршық жасатып, солармен жапқыштың екі жартысын біріктірт. Осылайша киелі шатыр біртұтас жапқышпен жабылатын болады. Шатыр төбесін жабу үшін түбіттен тағы он бір жабын тоқыт. Барлық он бір жабынның көлемі бірдей болсын: ұзындығы отыз, ені төрт шынтақтан. Бес жабынды бір бөлек, келесі алты жабынды бір бөлек қатарластыра біріктіріп тіккіз. Ал алтыншы жабынды шатырдың алдыңғы жағынан екі қабаттап бүктеп қойғыз. Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін бір жақ шетіне баулық сияқты елу ілгектен дайындатып бекіттір. Қоладан елу ілмек шығыршық жасатып, ілгектерді солармен бекітіп, шатырдың төбесін осы біртұтас жапқышпен жапқыз. Жабынның шатырдың төбесін жапқаннан артылып қалған бөлігі шатырдың артқы жағынан салбырап төмен түсіп тұрсын. Ал жабындардың ұзындығынан артылып қалғаны шатырдың екі жанынан бір шынтақ бойы төмен салбырап жауып тұрсын. Қызыл түске боялған қошқар терілерінен де шатырға арнап жапқыш қап жасат. Оның үстінен жабуға борсық терілерінен тағы бір жабын дайындат. Киелі шатырдың кіреберісіне арнап қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке иірілген зығыр жіптерден шымылдық тоқыт. Герсондықтар киелі кездесу шатырында мына міндеттерді орындауға тағайындалды: шатырдың өзіне жабындарымен қоса, сондай-ақ кіреберісіндегі шымылдыққа, ауланың перделеріне, киелі шатыр мен құрбандық үстелінің айналасындағы ауланың кіреберісіндегі пердеге және арқандарға күтім жасау әрі соған байланысты барлық жұмыстарды атқару.
Выбор основного перевода