Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:— Діни қызметті атқаратын Һаронның ұлдарына мынаны айт: Діни қызметкер халқының арасынан қайтыс болған ешкімнің мәйітіне жанасып, өзін арамдамасын. «Исраилдіктерге жұқпалы тері ауруына шалдыққан, денесінен ірің ағатын немесе өлікке жанасып арамданған адамдарды ел қонысынан шығарып жіберуге бұйыр. Содан соң үшінші және жетінші күндері таза адам арамданған адамға сол судан бүріксін. Осылайша оны жетінші күні арамдығынан тазартады. Сол күні адам киімін жуып, өзі сумен жуынсын, сонда ол кеште арамданбаған болып саналады. Ал сендердің соғыста адам өлтірген не өлген адамның мүрдесімен жанасқандарыңның барлығың, жеті күнге ел қонысының сыртында қалыңдар! Арамданғаннан кейінгі үшінші және жетінші күндері өздерің де, қолға түсірген тұтқындарың да тазару рәсімінен өтіңдер. Сонымен Пауыл келесі күні әлгі кісілерді ертіп алып, бірінші тазару рәсімінен бірге өтті. Содан кейін ғибадатханаға барып, тазару мерзімінің аяқталып, әрқайсысы үшін құрбандық шалынатын күнді діни қызметкерге хабарлады. Тазару мерзімінің жеті күні аяқталар шақта, Азия аймағынан келген яһудилер Пауылды ғибадатханада көріп, халықты оған қарсы айдап салды. Олар Пауылды ұстап алып, былай деп айқайлады:
Выбор основного перевода