Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсамен адамның жақын досымен бетпе-бет сөйлескеніндей сөйлесетін. Мұса кейінірек ел қонысына қайтып оралатын, ал оның жас көмекшісі Нұн ұлы Ешуа кездесу шатырының қасынан кетпейтін. Жаратқан Ие оған былай деп жауап қайтарды:— Мен сенің алдыңнан бүкіл игілігімді өте шығатын етіп, қасыңда «Жаратқан Ие» деген есімімді атап шақырамын. Мен қалаған адамыма рақымды боламын, таңдап алғаныма мейірімімді шашамын. Бірақ бет-жүзімді көруіңе болмайды, өйткені оны көрген пенде тірі қалмайды. — Бұдан кейін Жаратқан Ие сөзін жалғастырып былай деді: — Алайда, міне, қасымда бір орын бар: мына жартаста тұр. Менің нұрлы салтанатым жаныңнан өтіп бара жатқан кезде сені жартастың жарығына тұрғызып, Өзім қасыңнан өтіп кеткенше алақаныммен көлегейлеймін. Содан кейін қолымды аламын, сонда Мені ту сыртымнан көре аласың. Ал бет-жүзімді ешкімнің көруіне болмайды. Мұса Жаратқан Иемен тілдесу үшін кездесу шатырына барып, ішіне кіретін. Сонда ол Келісім сандығының қақпағының үстіңгі жағында орналасқан екі керуб мүсінінің арасынан өзіне арналған дауысты еститін. Осылай Жаратқан Ие Мұсаға сөзін арнайтын. Бұдан былай Исраилде Мұса сияқты ұлы пайғамбар болған емес. Жаратқан Ие Мұса пайғамбармен ғана бетпе-бет қарым-қатынас жасайтын.
Выбор основного перевода