Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адамға Құдай Ие былай деді: «Әйеліңнің тілін алып, Мен тыйым салған ағаштың жемісінен жеген сенің кесіріңнен жердің топырағын қарғыс атты! Бұдан былай тамағыңды өмір бақи бейнет шегіп топырақтан өсіріп жейтін боласың. Жаратқан Ие адамдардың жер бетінде әбден азғындыққа салынғанын көрді: олардың жүректеріндегі барлық ой-ниеттері әр уақытта зұлымдыққа бейім болды. Біліп ал: Мен аспан астындағы жанды мақұлықтардың бәрін құрту үшін жер бетіне топан су қаптатамын. Жер бетіндегінің барлығы құруға тиіс. Бұдан былай еш уақытта тіршілік атаулы топан судан құрымайды және жерді бүлдіретін топан су ешқашан қайтып болмайды деп, сендермен Келісім жасаймын», — деді. Сол кездерде Мен Өзімнің сендермен және барлық тіршілік иелерімен жасаған Келісімімді есіме түсіремін: су бұдан былай ешқашан да барлық тіршілік иелерін құртатын топан суға айналмайды. Осылай қошқарды толығымен құрбандық үстелінің үстінде түтетіп өртеп жібер. Осы түгелдей өртелген құрбандық — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. Құрбандықтың ішек-қарыны мен сирақтары сумен жуылсын. Діни қызметкер соның барлығын құрбандық үстелінде түтетіп өртеп жіберсін. Осы түгелдей өртелген құрбандық — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. «Нұхтың заманында топан су жер бетін басып кеткеннен кейін Мен енді қайтып жерге топан су жібермеймін деп ант еткен едім. Сол сияқты саған да былай деп ант беремін: бұдан былай саған ашуланып, сөгіс бермеймін. Мен сендерді шашырап кеткен халықтар мен елдерден алып шығып, жинаған сол кезде өздеріңді жұпар иіс сияқты қабылдаймын. Осылайша сендер арқылы Өзімнің киелілігімді бүкіл халықтардың көзінше жария етемін. бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды. Себебі құтқарылу жолындағылар арасында да, тозаққа қарай бара жатқандар арасында да Құдай үшін Мәсіхтің хош иісі іспеттіміз. Мәсіхтің бізді сүйіп, біз үшін Өзін құрбан еткеніндей, сендер де бір-біріңді сүйіп өмір сүріңдер! Оның өз жанын қиғаны Құдайға ұнамды, хош иісті құрбандық іспетті болды. Сендер жібергендердің бәрін де алдым, енді артығымен жетіп жатыр. Епафродит сәлемдемелеріңді әкеліп бергелі қажетті нәрселерім ағыл-тегіл. Олар — Құдай ұнатып қабылдайтын хош иісті тартулар мен құрбандық іспетті.
Выбор основного перевода