Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мынау Нұхтың шежіресі:Нұх замандастарының арасында әділ де кінәратсыз, Құдаймен тығыз байланыста жүрген адам еді. Ыбырам тоқсан тоғыз жасқа толған соң Жаратқан Ие оған аян беріп:— Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Менің көз алдымда мінсіз жүр. «Уа, Жаратқан Ие, Сенің көз алдыңда ізгі жолыңмен жүріп, шын жүректен әділ істер істеп келгенімді ескере көрші!» — деді. Мұнан кейін Езекия қатты жылады. — Уа, адам, Жаратқан Ие саған ненің игілікті екенін білдірген еді. Ол сенен нені талап етеді? Әділ істер істеп, мейірімділікті ұнатуыңды, әрі сиынатын Құдайыңмен тығыз байланыста болып кішіпейіл жүруіңді талап етеді емес пе?! Ауыздарынан тек шынайы тәлім ғана шығып, олар еш өтірік айтпайтын. Леуіліктер Менімен байланысып тыныш та әділ жүрді, әрі көптеген адамды теріс жолдарынан қайтарды.
Выбор основного перевода