Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін. Кім жер бетіндегі құм түйіршіктерін санай алса, оның сенің үрім-бұтағыңды да санай алғаны. Содан оны сыртқа алып шығып: — Аспанға қарап жұлдыздарды санашы! Сен оларды санай алар ма екенсің? Сенің үрім-бұтағың да осындай сансыз көп болады! — деп уәде берді. Ал Сен маған: саған көп жақсылық істеп, ұрпағыңды сансыз көбейтемін, олар санаса сан жетпейтін теңіз жағалауындағы құм түйіршіктеріндей көп болады деп сөз бергенсің». Туысқандары Рабиғаға бата беріп былай деді:«Қарындасымыз, сан мыңдағанҰрпақтардың анасы болғын,Жауларының қалаларынҮрім-бұтағың басып алсын!» Мен үрім-бұтағыңды аспандағы жұлдыздар сияқты сансыз етіп көбейтіп, оларға осы жерлердің бәрін табыстаймын. Сенің ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Мен қызметшім Дәуіттің және Менің алдымда қызмет етіп жүретін леуіліктердің ұрпағын аспандағы жұлдыздардай, теңіз жағалауындағы құм қиыршығындай сансыз көбейтемін». былай деді: «Саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, сенің ұрпақтарыңды сансыз көбейтемін».
Выбор основного перевода