Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Жаратқан Ие Ханнаны жарылқап, оны тағы үш ұл, екі қызға ана етті. Ал Самуил Жаратқан Иенің көз алдында есейіп өсіп жатты. Мен оны жарылқап, саған Сарадан да бір ұл сыйлаймын. Сараға ұлттардың түп анасы болсын деп ақ батамды беремін. Халықтардың патшалары да Сарадан тарайтын болады. Ал Құдай:— Әйелің Сара саған ұл туып береді, оның атын Ысқақ деп қоясың. Мен Ысқақпен Келісім жасап, оны үрім-бұтағы үшін мәңгілікке бекітемін. Бірақ Мен Келісімімді Сара келесі жылы осы уақытта дүниеге келтіретін Ысқақпен бекітемін, — деп жауап берді. Иеміз:— Келесі жылы осы уақытта Мен саған тағы да келемін. Сонда әйелің Сараның ұлы болады! — деп уәде берді.Осы сөздерді Қонақтың артындағы шатырдың аузында тұрған Сара да естіді. Күңінің ұлы әдеттегідей туылса, ерікті әйелінің ұлы Құдайдың берген уәдесі бойынша кереметпен дүниеге келді.
Выбор основного перевода