Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай баланың жылап жатқан даусына құлақ асты. Оның періштесі аспаннан Ажарға дауыстап: «Саған не болды, Ажар? Қорықпа, Құдай мына жерде жатқан баланың даусына құлақ асты. Орныңнан тұр, балаңа қол ұшын беріп қамқорла. Мен одан бір үлкен халықты өрбітіп таратамын», — деп тіл қатты. Ал сол сәтте Жаратқан Иенің періштесі оған көктен дауыстап:— Ыбырайым! Ыбырайым! — деп тіл қатты. Ол:— Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді. Жаратқан Иенің періштесі Ыбырайымға екінші рет көктен дауыстап былай деді: Құдайдың періштесі аян етіп: «Жақып!» — деді. Мен: «Тыңдап тұрмын», — деп жауап бердім. Сол кезде Ыбырайым тұрған жерінен Қанаханның оңтүстік аймағына көшіп, біраз уақыт Қадеш пен Шурдың арасында тұрды. Сол жерден ол Герар қаласының маңына көшіп барып, сонда жат жұрттық болып уақытша қоныстанды.
Выбор основного перевода