Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Саған ұлттар қызмет жасай берсін,Һәм халықтар бас иетін болсын!Сен билейтін бол бауырларыңды,Саған бағынсын анаңның ұлдары!Сені қарғайтындарды қарғыс атсын,Ал батасын беретіндер жарылқансын!» Ал егер оның тілін алып, Менің айтқандарымның бәрін орындасаңдар, онда Мен жауларыңның жауы болып, сендерге қарсы шыққандарға қарсы шығамын. Халық арыстандай еңкейіп дайын тұрады,Ана арыстандай тыншып жерге жатады.Оны мазалауға кімнің батылы барады?Жақып, саған бата бергеннің өзі жарылқанады,Ал сені қарғағанның өзін қарғыс атады. Ыбырайымнан бір үлкен де күшті халық шығады. Менің ақ батам ол арқылы жер бетіндегі барлық халықтарға жетеді. Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі сен Менің тілімді алып жүрдің». Мен үрім-бұтағыңды аспандағы жұлдыздар сияқты сансыз етіп көбейтіп, оларға осы жерлердің бәрін табыстаймын. Сенің ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Сенің үрім-бұтағың жер бетіндегі құм түйіршіктеріндей сансыз көп болады. Батыс пен шығысқа, солтүстік пен оңтүстікке тарайсыңдар. Өзің және ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға батам қонады. Патшаның есімі мәңгілікке ұлассын,Күннің сәулесіндей ұзаққа созылсын,Ол арқылы барлық ұлттар жарылқансын,Есімі оның үздіксіз мақталатын болсын! Осы Пайғамбардың айтқандарын тыңдамайтын әрбір адам халқының ішінен аластатылсын». Киелі жазбалар Құдайдың басқа ұлттарды сенім арқылы ақтайтынын алдын ала білдірді. Ол Ыбырайымға: «Сен арқылы Мен барлық ұлттарды жарылқаймын» деген Ізгі хабарды мәлімдеді.
Выбор основного перевода