Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан олар Исраил халқын ауыр жұмыспен діңкелетіп, қысым көрсету үшін үстерінен бақылаушылар тағайындады. Сонымен исраилдіктер Мысыр патшасы перғауын үшін қоймалар ретінде Питом, Рамсес қалаларын салды. Оларды саз балшықтан илеп кірпіш құйып, үй салудың және егіндіктің кез келген ауыр жұмыстарына жекті де, қаталдықпен әр түрлі қара жұмыстарға мәжбүрлеп, өмірлерін аса қиындатты. «Бұдан былай исраилдіктерге кірпіш құю үшін бұрынғыдай сабан бермеңдер! Өздері барып, жинап әкелетін болсын! Алайда олардың бұрынғы мөлшердегідей кірпіш құюларын талап етіп, қажетті кірпіш санын еш кемітпеңдер! Олар жалқау, сондықтан да: «Біз барып, Құдайымызға арнап құрбандық шалайық!» деп айқай салып жүр. Жұмыстарын қиындатыңдар! Олар құр сөздерге ден қоймай, жұмыс істесін!» Құл айдаушылар мен бақылаушылар барып, халыққа жар салып: «Перғауынның әмірі мынау: Бұдан былай сендерге сабан берілмейді. Қайдан тапсаңдар одан табыңдар, сабанды өздерің барып жинаңдар! Алайда құятын кірпіштеріңнің саны кемітілмей, сол күйінде қалады!» — деді. Сонда халық Мысырдың түкпір-түкпіріне тарап, сабан орнына орылған егістіктерде қалған сабақтарды жинаумен айналысты. Құл айдаушылар халықты: «Күнделікті атқарған жұмыс көлемдерің сабанмен қамтамасыз етілген кездегідей болсын!» — деп қыспақтай берді. Олар өздері тағайындаған исраилдік бақылаушыларды: «Неге сендер кеше де, бүгін де кірпіш мөлшерін бұрынғыдай етіп өткізбедіңдер?» — деп, соққының астына алды. Сонда исраилдік бақылаушылар перғауынның алдына барып:— Тақсыр, құлдарыңызға неге бұлай істейсіз? Бізге сабан берілмейді, алайда кірпіш құю талап етіледі. Міне, құлдарыңызды ұрып-соғады, бірақ бәріне кінәлі өз халқыңыз, — деп жалбарынды. Бірақ перғауын:— Жоқ, сендер еріншек, жалқаусыңдар! Сондықтан да «Біз барып, Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалайық!» дей бересіңдер. Барыңдар, жұмыс істеңдер! Сабан берілмейді, ал кірпіштің тиісті санын бәрібір дайындап өткізуге міндеттісіңдер! — деп кесіп айтты. «Күнделікті дайындалуға тиісті кірпіш санын еш кемітпейсіңдер!» деген үзілді-кесілді сөздерден исраилдік бақылаушылар халдерінің мүшкілдігін ұқты. Сонда Яһуданың патшасы Жохақым да, Құдайдың киелі үйінен алынған бірнеше ыдыстар да Жасаған Иенің еркімен Бабыл патшасының қолына түсті. Сол қасиетті ыдыстарды патша Шинар аймағына әкетіп, өзі табынатын жалған тәңірдің ғибадатханасының қазына қоймасына сақтап қойды.
Выбор основного перевода