Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Япшіден Гомер, Магог, Мадай, Яуан, Тұбал, Мешех, Тирас тарады. Гомерден Ашкеназ, Рифат, Тоғарма тарады. Яуанның ұлдары: Елиша, Тарсис, Кіттим, Доданим тарады. Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді: «Пендем, бет-жүзіңді Магог еліндегі Гогқа, Мешех пен Тұбалдың бас әміршісіне, қарай бұр. Оған қарсы хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады:Міне, Мен саған қарсы шығамын, уа, Мешех пен Тұбалдың бас әміршісі Гог! Мен сені кері айналдыра бұрып, жақ сүйегіңе қармақ саламын. Сені бүкіл әскеріңмен, толық жарақтанған, үлкенді-кішілі қалқандарын ұстанып, семсерлерін сілтеген салт аттыларыңмен және күймешілеріңмен бірге еліңнен шығарып, алып келемін. Парсы, Құш, Либия елдерінің жасақшылары да қалқандарын ұстап, дулығаларын киіп алып, бірге аттанады. Гомер мен оның қалың қолы да, солтүстіктің шалғай түкпірінен үлкен әскерімен келген Бет-Тоғарма да, көптеген басқа халықтар да сенің қасыңда болады.
Выбор основного перевода