Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Халықтар абыржи толқып,Патшалардың тақтары шайқалады,Алла Тағаланың үні естіліп,Бүкіл жер беті балқып жоқ болады. Бүкіл әлемнің Иесінің алдында,Жаратқан Иенің бет-жүзінің алдында,Балауыз іспетті ериді таулар сонда. Осыларың үшін бүкіл ел шайқалып, оның тұрғындары қайғыға батпай ма? Расында жер Мысырдың Ніл өзеніндей көтеріліп әрі тасып, сосын қайтадан басылып, төмендейтін болады». Сонда таулар Оның табанының астында отқа еріген балауыздай балқып, аңғарлар қақ айырылады. Жартастар су іспетті тау баурайынан ылдилап ағып жатады. Таулар Оның алдында сілкініп, төбелер балқып кетеді. Жер беті, бүкіл әлем және онда тұратындардың барлығы Оның алдында дірілдейді.
Выбор основного перевода