Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Сендер: «Біз сондай данышпанбыз, бізде Жаратқан Иенің Таурат заңы бар!» деп қалай ғана мақтанасыңдар? Шын мәнісінде заң мұғалімдері оны сендерге бұрмалап үйретеді! Өйткені белбеудің адам денесіне жабысып тұратынындай, Мен де Исраил мен Яһуданың бүкіл үрім-бұтағын Өзіме жақын тұрсын деп жаратқан едім. Олар атақ-даңқымды асырып, Өзім мақтан ететін таңдаулы халқым болсын дедім. Бірақ олар Мені мүлдем тыңдамай қойды. Сендердің аморлықтардың жерін иемденіп алуларың үшін Мен сендерді Мысыр елінен алып шығып, қырық жыл бойы айдалада ертіп жүрген едім. Ал енді, Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Сен Маған: «Солтүстік Исраилге қарсы пайғамбарлық сөз айтпа! Ысқақтың үрім-бұтағына қарсы сөйлеме!» дейсің. «Ей, исраилдіктер, сендерді қалай көрсем, құштықтарды да солай көремін! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Әрине, ежелде Мен сендерді Мысырдан азат етіп алып шықтым. Бірақ Мен філістір халқын да Крит аралынан, әрі арамалықтарды (Бабыл еліндегі) Кир аймағынан алып шыққанмын. —
Выбор основного перевода