Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Ыбырам:— Мен көк пен жерді жаратқан Тәңір Ие — Алла Тағала алдында қолымды көтеріп тұрып ант етемін: сіз кейін «Ыбырамды мен байыттым» деп айтып жүрмеуіңіз үшін, мен барлық дүние-мүлкіңізден түк те алмаймын: бір сабақ жіп те, аяқкиімнің бір бауын да! Еліше:— Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Әлемнің Иесінің алдында шын айтамын: Егер Яһуданың патшасы Жосапат болмағанда, мен саған көз салып назар аудармас та едім. Құдайдың адамының қызметшісі Гехәзи былай деп ойлады: «Қарашы, менің мырзам мына арамалық Нағыманның алып келгенін қабылдамай, оған тым үлкен жеңілдік жасап жібере салды. Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: Мен оның артынан қуып жетіп, одан бірдеңе алып қалайын!» Еліше оған:— Сол адам сенің келе жатқаныңды байқап, қарсы алу үшін күймесінен түскенде, менің рухымды сол жерде болмады деп ойлайсың ба?! Қазір күміс пен киім-кешек, зәйтүн мен жүзім бақтарын, ірілі-ұсақты малдарды әрі құл-күңдерді қабылдайтын уақыт па?
Выбор основного перевода