Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұзиях патша өле-өлгенше алапес күйі қала берді. Ауруы себепті ол Жаратқан Иенің ғибадатханасына кіре алмай, жеке бір үйде тұрды. Оның ұлы Жотам сарайдағы істерді басқарып, елдің халқына билік жүргізді. Амос ұлы Ишая пайғамбар Ұзияхтың қалған іс-әрекеттерін басынан аяғына дейін баяндап жазған. Ұзиях көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті олардың жанына патшалар қабірлері орналасқан алаңқайдағы мазарға қойылды, себебі ол алапес болған еді. Оның ұлы Жотам орнын басып патша болды. Адам жұқпалы ауруынан айықпайынша таза емес қалпы қала береді. Ол ел қонысының сыртында оңаша тұруға тиіс. Солтүстік Исраилге Ремалиях ұлы Пақах патшалық құрған екінші жылы Ұзиях ұлы Жотам Яһуда елінің патшасы болды.
Выбор основного перевода