Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Царств
Параллельные места
Осы кезеңде (філістір патшасы) Әбумәлік қолбасшысы Пихолды ертіп келіп, Ыбырайымға:— Не істесеңіз де, барлық жағдайда Құдай сізге жар. Сондықтан мені де, ұлдарым мен немерелерімді де алдамаймын деп Құдай алдында ант беріңіз. Мен сізге қалай жақсы қарасам, сіз маған да, өзіңіз жат жұрттық болып тұрып жатқан елге де жақсы қарайтын болыңыз, — деп ұсыныс жасады. Ыбырайым:— Жарайды, ант беремін, — деп келісті. Бұдан кейін ол Әбумәліктің құлдары күшпен тартып алған құдық туралы сөз қозғап, наразылығын білдірді. Әбумәлік оған:— Мұны кім істегенін білмеймін. Бұл туралы сіз ешқашан айтпадыңыз. Бүгінге дейін мен ештеңе де естіген жоқпын, — деп жауап қайырды. Ыбырайым бірқатар малдарын алып, оларды Әбумәлікке сыйға тартты. Содан олар бір-бірімен келісім жасасты. Ыбырайым тағы да жеті ұрғашы қозыны бөлектеп қойды. Сонда Әбумәлік Ыбырайымға:— Сіз бөлектеп қойған жеті қозы нені білдіреді? — деген сұрақ қойды. Ол:— Жеті қозыны сіз менің қолымнан қабылдай ала көріңіз. Олар бұл құдықты өзімнің қазғандығымның айғағы болсын, — деп жауап берді. Осылай бұл жер Бер-Шеба (яғни «Ант құдығы») деп аталды. Себебі осы екі адам сонда бір-біріне ант беріскен еді. Бер-Шебада келісім жасалып біткен соң, Әбумәлік пен оның қолбасшысы Пихол філістір еліне қайтып кетті. Ыбырайым Бер-Шебада жыңғыл ағашын екті. Сол жерде ол мәңгі тірі Құдай — Жаратқан Иеге сиынып ғибадат етті. сондай-ақ, шығыс пен батыс қанахандықтарға, аморлықтарға, хеттіктерге, перездіктерге, таудағы ебустіктерге және Хермон тауының етегіндегі Миспаның маңында тұратын хевтіктерге. (Осылардың бәріне Ябин патша хабар жіберіп оларды Исраил халқына қарсы соғысуға шақырды.) Содан соң шекара Рамаққа қарай кері бұрылып, бекіністі Тир қаласына жетіп, Хосаға қарай бұрылады да, Ахзибтың маңайында теңізге келіп тіреледі. філістірлердің бес әміршісінің қарамағындағылар, барлық (қалған) қанахандықтар, сидондықтар, Бағал-Хермон тауынан Лебо-Хаматқа дейін созылған аралықтағы Ливан тауларында тұрып жатқан хевтіктер.
2. Царств
Выбор основного перевода