Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол жерде Бихридің ұрпағы Шеба есімді қара ниетті бір буняминдік адам болды. Шеба бүкіл Солтүстік Исраилде керней тартып былай деп жариялады:«Дәуітке біздің еш қатысымыз жоқ,Есейдің ұлында еш үлесіміз жоқ!Мекендеріңе қайтыңдар, исраилдіктер!» Мен осы өткінші дүниеден даналықтың тағы мына мысалын да байқадым, ол маған маңызды болып көрінді: Бірде азғана тұрғыны бар бір қалашық болды. Соған қарсы бір ұлы патша аттанып келіп, оны қоршауға алып, зор бекіністер салды. Ал сол қалада кедей де болса дана бір кісі тұрды. Әлгі адам қаланы өзінің даналығымен құтқарып қалды. Бірақ кейіннен ешкім де сол кедейді есіне алмады. Сондықтан да мен: «Даналық күш-қуаттан артық. Әйтсе де жұрт кедейдің даналығына көңіл бөліп, оның сөздеріне құлақ аса бермейді екен» деген тұжырымға келдім.
Выбор основного перевода