Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы аралықта Абессалом қашып кетті.Күзетте тұрған жас жігіт жоғары қарағанда, ар жақтағы қыраттың жолымен келе жатқан көп адамды көрді. Күзетші тездетіп патшаға барып, оған: «Қыраттың етегіндегі Хоронаим жолымен келе жатқан көп адамды көрдім», — деп мәлімдеді. Сонда патша орнынан тұрып, қала қақпасының жанындағы өзінің арнаулы орнына барып отырды. Патшаның қақпа жанында отырғанын естігенде, бүкіл жасақ оның алдына жиналды.Сол екі арада исраилдіктер үйді-үйіне қашып кеткен еді. Еху жасақшыларымен Ізрелге жақындап қалғанда, қала мұнарасындағы бақылаушы оларды байқап: «Бір топ жасақшыны көріп тұрмын», — деп хабарлады. Жорам былай деп бұйырды: «Олардың алдынан бір салт аттыны жібер! Ол аманшылық па деп сұрап келсін!»
Выбор основного перевода