Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Тимофею
1 2 3 4
Параллельные места
Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?» Есіңде болсын, соңғы дәуірде қиын-қыстау күндер туады. Адамдар өзімшіл, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, өсекшіл болып, ата-аналарына бағынбайды. Олар алғысты білмей, қасиеттіні танымай, ешкімді сүймей, ымыраға келмейді. Адамдар, сондай-ақ, жалақор, ұстамсыз, қатыгез болып, жақсылықты жек көреді. Опасыз сатқын, ақылсыз қызба, кеуде көтерген олар Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көреді. Олар сырт көзге Құдайға ұнайтындай болып көрінгенмен, Оның күшінен бас тартады.Мұндай адамдардан аулақ жүр! Олардың кейбіреулері кісілердің үйлеріне қулықпен кіріп, түйсіксіз әйелдерді еліктіріп, құлдыққа түсіреді. Сондайлар күнәға белшесінен батып, түрлі құмарлықтардың жетегінде жүреді. Олар әрдайым тәлім алуға ұмтылғанмен, ешқашан шындықты білуге қол жеткізбейді. Янни мен Ямбыридың Мұса пайғамбарға қарсы күрескені сияқты, мұндай азғырушылар да шынайы ілімге қарсы шығады. Бұлардың ақылдары бүлінген, сенімдері түкке тұрғысыз, жалған.
2. Тимофею
1 2 3 4
Выбор основного перевода