Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Тимофею
1 2 3 4
Параллельные места
Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де көктегі Әкемнің алдында танбақпын. Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол — Мәсіхке сенетін барлық адамдарды, алдымен яһудилерді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да құтқаратын Құдайдың құдіреті! Сондықтан мен, Пауыл, басқа ұлттық сендерге Мәсіх Исадан жіберілдім, сол себептен тұтқындалдым да. Сондықтан да сендерден өздерің үшін көрген азаптарыма бола жігерлеріңді жасытпауларыңды өтінемін. Себебі олар арқылы Құдайдың ұлылығына кенелесіңдер. Қазір мен сендер үшін тәнімде бейнет шегіп отырғаныма қуанамын. Мәсіхтің өз рухани денесінің, яғни бүкіл қауымның, игілігі үшін басымнан өтсін деп белгілеген азаптарын кешіп жүрмін, осылайша соларды толықтыра түсудемін. Иса Мәсіхтің «адал сарбазы» ретінде азаптарды бірге көр! Соған бола азап шегіп, қылмыскердей бұғауланудамын. Алайда Құдайдың сөзі бұғаулы емес!
2. Тимофею
1 2 3 4
Выбор основного перевода