Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Петра
1 2 3
Параллельные места
Иса оларға жауап беріп былай деді:— Сақ болыңдар, ешкім сендерді алдап, теріс жолға түсірмесін! Өздеріңе сақ болыңдар! Жұрт сендерді соттарға ұстап беріп, мәжілісханаларда дүре соғатын болады. Менің жолыма түскендеріңе бола әміршілер мен патшалар алдына да апарыласыңдар. Осылайша солардың алдында Мен туралы ашық айтуға мүмкіндік аласыңдар. Ұдайы сақ та сергек болыңдар (әрі Құдайға сиыныңдар), себебі Менің қайтып келген кезімнің қашан болатынын білмейсіңдер. Сондықтан өзін «сенімімде берік тұрмын» деп санайтын әркім күнәға батудан сақ болсын! Мұндайлар бос сөздермен мақтанып жүреді. Олар теріс жолмен жүргендердің арасынан жуырда ғана құтылып шыққан адамдарды күнәкар болмыстарының құмарлықтарын қайтадан жүгенсіздікпен қанағаттандыруға еліктіріп, торларына түсіреді. Өзіңнің қандай биіктіктен құлдырағаныңды ойлашы! Өкініп, теріс жолыңнан қайтып, алғашқыдағы игі істеріңді жасайтын бол! Әйтпесе саған жуырда келемін де, шам қойғышыңды (қауымдардың арасындағы) орнынан алып тастаймын. Егер өкініп, теріс жолыңнан қайтпасаң, осылай істеймін.
2. Петра
1 2 3
Выбор основного перевода