Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Петра
1 2 3
Параллельные места
Бауырластарым, сендердің ниеттеріңнің ізгілікті болғанына кәміл сенемін. Осы жайттар туралы өздеріңе керектілердің бәрін де біліп, бір-біріңе бағыт-бағдар көрсете аласыңдар. Бұған қарамастан мен осы хатымда бірқатар мәселелерді естеріңе түсіріп, едәуір ашық жаздым. Себебі Құдай маған рақым етіп мынадай міндетті тапсырды: Сендер шынайы ілімді білмегендіктен емес, қайта, оны біліп, шындықтан өтірік тумайтынын да ұққандарыңа бола осыны жазып отырмын. Сендер ежелгі замандағы мына жайттарды түгел білсеңдер де, оларды қайтадан естеріңе салып өткім келеді: Иеміз Иса өз халқын Мысырдан құтқарып алған еді, ал кейін көпшілігі қасарысып, сенбегенде Ол солардың көздерін құртты.
2. Петра
1 2 3
Выбор основного перевода