Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Сол түнде Пауылға бір македониялық кісі аян берді. Ол мұның алдында тұрып: «Македонияға келіп, бізге көмектесе гөр», — деп өтінді. Македония мен Ахаядағы қауымдар Құдайдың Иерусалимдегі адамдарының арасындағы мұқтаждары үшін ақша жинауды дұрыс деп тауып, оны зор ынтамен ұйымдастырды. Шынында сендерге Құдайдың халқына көмектесу туралы жазып жатудың қажеті де жоқ. Соған деген құлшыныстарыңды білемін ғой. Содан мен Ахая аймағында тұратын сендердің тіпті былтырдан бері көмектесуге әзір екендіктеріңді македониялықтарға айтып, мақтан тұтып келемін. Осы құлшыныстарың олардың көбіне де қозғау салған.
Выбор основного перевода