Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Сондықтан сақ болыңдар! Күн-түн демей, үш жыл бойы үзбестен әрқайсыңа нұсқау беріп, көз жасымды төккенім естеріңде болсын. Араларыңда азғындық — тіпті басқа ұлттардың адамдары жасамайтын азғындық бар деген шүбәсіз хабар маған да жетті: араларыңдағы біреуің әкесінің жұбайымен көңілдес екен. Тіпті сендерді жазған хатыммен қапаландырсам да, мұныма өкінбеймін. Расында мен хатымның сендерді қасіретке батырғанын көріп, өкінген де едім. Ал қасіреттерің уақытша ғана болды. Қазір мен қуаныштымын — қасіреттеріңе бола емес, опық жеп қайғырып, теріс жолдан қайта оралғандарыңа бола. Сол қайғыларың Құдайдың еркімен болған еді, сондықтан да ешқандай зиян көрмедіңдер. Ал мен сол хатты не қорлағанға, не қорланғанға бола жазған жоқпын. Сендердің Құдай алдында біздің қамдарымызды қалай ойлайтындарыңа көздеріңнің жетуін қаладым.
Выбор основного перевода