Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Сенімі әлсіздерді әкелу үшін соларға ұқсап өмір сүремін. Әр түрлі адамдар арасында оларға бейімделудемін. Осылай мен ең болмағанда бірсыпырасын құтқаруға ұмтыламын. Сол ғажап оқиғаны мақтан ете аламын. Ал жеке басым туралы жалғыз күшсіздігімнен өзге ештеңемен мақтанбаймын. Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.
Выбор основного перевода