Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Иоанна
1
Параллельные места
Себебі маған Жаратқан Ие сөзін арнап: «Сол жерде не нан жеп, не су ішпе, әрі келген жолыңмен кері қайтпа!» деп бұйырды. — Сүйіспеншіліктеріңді білдіріп, бір-біріңмен амандасып, сәлемімізді жеткізіңдер. Мәсіх Иса Өзімен тығыз байланыстағы сендердің бәріңе амандық пен тыныштық сыйлай берсін! (Аумин.) Бауырластарым, сендерге өтіне айтарым: жік шығарып, өздеріңе үйреткен ілімге қарсы араздық туғызушылардан сақ болып, аулақ жүріңдер! Алайда өзін сенімдегі бауырласпын деп атағанмен, азғын, дүниеқоңыз, жалған тәңірлерге құлшылық етуші, өсекші, маскүнем немесе алаяқ болып жүрген ешкіммен де араласпауларың керек. Мұндайлармен тіпті дастарқандас та болмаңдар. Сенбейтіндермен қоян-қолтық бірге жүріп, жаман ниеттеріне ортақтаспаңдар! Себебі әділдік пен заңсыздық арасында ортақ не бар? Яки жарық пен түнек қалай тығыз байланыста тұрмақ? Мәсіх пен белияр (шайтан) арасында ынтымақ бола ала ма? Мәсіхке сенуші мен сенбейтіннің арасында ортақ не бар? Құдайдың киелі үйі мен жалған тәңірлер арасында қандай келісімнің болуы мүмкін? Себебі біздер мәңгі тірі Құдайдың «киелі үйіміз». Құдайдың Өзі мынадай сөздер айтқан: «Мен орталарында тұрып, араларында жүретін боламын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады». Жаратқан Ие мынаны айтады: Сондықтан олардың арасынан шығыңдар! Олардан бөлек тұрыңдар, арам нәрселеріне мүлдем жоламаңдар! Сонда Мен сендерді қабылдаймын. түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер! Қымбатты бауырластар, Иеміз Иса Мәсіхтің атынан сендерге тағы мынаны ескертеміз: жүгенсіз жүріп, біздің өздеріңе тапсырған ілімімізге ермейтіндерден бойларыңды аулақ ұстаңдар! Қате ілім таратып, жік салатын әркімге бір-екі рет ескерту жасап, тыңдамаса байланыстарыңды үзіңдер. Сондықтан осындай кісілерді қолдау — біздің міндетіміз; шындықты таратуға осылай үлесімізді қосамыз. Көктен былай деген басқа бір дауысты да естідім:«Одан шық, халқым Менің, одан шық! Әйтпесе оның күнәларына араласып, басына түсетін пәлелерін де бөлісесің.
2. Иоанна
1
Выбор основного перевода