Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Фессалоникийцам
1 2 3
Параллельные места
Сондықтан, уа, шығыстағылар, сендер де Оны мадақтаңдар! Теңіз жағалауларын мекендеуші халықтар да, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің есімін дәріптеңдер! Жаратқан Иенің сөзін терең қастерлеп, орындайтындар, Оның мына айтқандарына ден қойыңдар:— Сендерді Маған бола жек көріп, шеттетіп келген бауырластарың: «Жаратқан Ие Өзінің салтанатты ұлылығын паш етіп алсын! Мүмкін, сонда қуанғандарыңды көретін шығармыз» деп мысқылдап жүр. Бірақ олар өздері масқара болады! Күннің шығысынан батысына дейін халықтар арасында Менің есімім зор даңққа бөленеді. Барлық жерлерде де Маған арналып хош иісті заттар түтетіліп, адал сый-тартулар ұсынылады. Себебі халықтар арасында Менің есімім даңқталады, — деп нық айтады Әлемнің Иесі. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді,Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті,Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді: Енді естігенде Исаның АтағынКөктегі, жердегі, жер астындағылардыңБәрі де тізе бүкпек Оның алдында Және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы даЖаратқан Ие деп ашық мойындауғаТиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға. Ал сен, балам менің, Мәсіх Исаның сыйлайтын рақымымен күшейе бер. Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мадақтап, даңқ пен құрметке бөлемек. Қайта, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып білуде өсе беріңдер!Оның ұлылығы қазір де, мәңгілікте де даңқтала берсін! Аумин.
2. Фессалоникийцам
1 2 3
Выбор основного перевода