Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Патшалық құра бастаған кезде Дәуіттің жасы отызда еді. Ол қырық жыл бойы билік жүргізді. Дәуіт Хебронда Яһуда елін жеті жыл алты ай, әрі Иерусалимде бүкіл Исраил мен Яһуданы отыз үш жыл басқарды. Бір күні патша мен оның жасақшылары Иерусалимге аттанып, сол қалада тұрған ебустіктерге шабуыл жасамақшы болды. Ал ебустіктер: «Дәуіт бұл қалаға кіре алмайды», — деп ойлап, оны мазақтап: «Мұнда ешқашан кірмейсің! Кіре қалсаң, соқырлар мен ақсақтардың өздері-ақ сені қуып жібереді!» — деді. Алайда Дәуіт Сион төбесіндегі қорғанды басып алып үлгерді; ол қазір «Дәуіттің шаһары» деп аталады. Сол күні Дәуіт: «Кімде-кім ебустіктерді шабуылдаймын десе, құдық арқылы қалаға кіріп, Дәуіттің жаулары — сол «ақсақ та соқыр» ебустіктерге бас салсын!» — деген еді. «Соқыр мен ақсақ сарайға кірмес» деген мәтел осыған байланысты пайда болды. (Сонымен Дәуіттің адамдары су құбырымен өрмелеп, қамалға кіріп, оны жаулап алды.) Дәуіт қорған ішіне орналасып алып, оны «Дәуіттің шаһары» деп атады. Кейін ол соның саты тәрізді беткейінен бастап ішке қарай айнала үйлер де салдырды. Әлемді Билеуші Құдай — Жаратқан Ие оған жар болғандықтан, Дәуіт барған сайын күшейе түсті. Тир патшасы Хирам Дәуітке елшілерін, сондай-ақ самырсын бөренелерін, ағаш ұсталары мен тас қалаушыларын да жіберді. Осы мамандар Дәуітке сарай салып берді. Сонда Дәуіт Исраилдің үстінен патша болуға өзін Жаратқан Иенің бекіткенін, әрі халқы Исраилдің игілігі үшін Дәуіттің патшалық мәртебесін көтергенін түсінді. Хеброннан көшіп келіп, Иерусалимде орныққаннан кейін Дәуіт тағы бірнеше кәнизак пен әйел алып, көбірек ұл-қыз сүйді. Оның Иерусалимде дүниеге келген балаларының аттары мыналар: Шаммуа, Шобаб, Натан, Сүлеймен, Ипхар, Әлишуа, Непек, Япияқ, Әлишама, Әлияда, Әлипәлет. Оның Иерусалимде дүниеге келген балаларының аттары мыналар: Шаммуа, Шобаб, Натан, Сүлеймен, Ипхар, Әлишуа, Елпәлет, Ноғах, Непек, Япияқ, Әлишама, Әлияда, Әлипәлет. Содан соң Дәуіт әйелі Барсабияға барып, оны жұбатты. Кейін онымен бірге болып, ол ұл туды. Балаға Сүлеймен (яғни Сәлемет, Татулық) деген есім берді. Жаратқан Ие сәбиді жақсы көріп, Есейден Дәуіт патша туды.Дәуіттен Сүлеймен туды, оның анасы Ұрияның бұрынғы әйелі болатын. Елиәкім Мелеадан, Мелеа Менаннан, Менан Мататадан, Матата Натаннан, Натан Дәуіттен,
Выбор основного перевода