Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Асафқа тиісті бірінші жеребе Жүсіпке және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Екінші жеребе Ғодалияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Үшінші жеребе Зақурға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Төртінші жеребе Сериге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Бесінші жеребе Нетанияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Алтыншы жеребе Буқияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Жетінші жеребе Ашарелахқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Сегізінші жеребе Ишаяға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Тоғызыншы жеребе Маттанияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Оныншы жеребе Шимейге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Он бірінші жеребе Ұзиелге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Он екінші жеребе Хашабияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Он үшінші жеребе Шубаилға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Он төртінші жеребе Мататияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Он бесінші жеребе Еримотқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Он алтыншы жеребе Хананияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Он жетінші жеребе Жошбеқашахқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Он сегізінші жеребе Хананиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Он тоғызыншы жеребе Малотиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Жиырмасыншы жеребе Әлитаға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Жиырма бірінші жеребе Хотирге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Жиырма екінші жеребе Ғидалтиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Жиырма үшінші жеребе Махазиотқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Жиырма төртінші жеребе Ромамти-Езерге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Қызмет еткендердің есімдері ұлдарымен қоса мыналар: қахаттық тармақтан әнші-күйші Хеман. Оның шыққан ата-тегі мынау: Хеман Жоелден, Жоел Самуилден, Хеманның оң жағында тұрып қызмет еткен көмекшісі Асаф болды. Оның шыққан ата-тегі мынау: Асаф Барақияхтан, Барақиях Шимадан, Дәуіт леуіліктердің басшыларына руластарының арасынан шертер, жетіген, сылдырмақ сияқты аспаптардың сүйемелдеуімен қуанышты ән-жыр айтатын әнші-күйшілерді тағайындауды тапсырды. Патша аттары аталып таңдалған Хеман, Едутун және басқалардың барлығын да солармен бірге болып, Жаратқан Иеге «Оның рақымы мәңгілік» деп мадақтау ән-жырларын айтуға тағайындады. Иерусалим қаласының қабырғаларын Құдайға бағыштау рәсіміне арнап жер-жерде тұрып жатқан леуіліктер шақырылып, Иерусалимге жиналды. Олар осы қуанышты рәсім мен тойға қатысып, шүкірлік пен мадақтау ән-жырларын айтып, даңғыра, жетіген, шертерлермен сүйемелдейтін болды.
Выбор основного перевода