6
Леуілік хатшы Нетанел ұлы Шемаях жеребенің кімге түскенін патшаның, діни қызметкер Садықтың, Абиятар ұлы Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктердің әулет басшыларының көздерінше ресми тізімге жазып алып отырды. Жеребе бір болып түссе Елазардың, екі болып түссе Ітамардың әулеті алынып отырды.