Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Осыдан кейін філістірлермен жаңа бір шайқас Ғобтың маңында болды. Сол кезде хушалық Сипхай Рафаның алып ұрпақтарының тағы біреуі — Сафты жеңіп, көзін құртты. Ғобтың маңында філістірлермен болған басқа бір шайқаста бетлехемдік Жайыр ұлы Елханан ғаттық алып Ғолияттың бауырын өлтірді. Соның сүңгісінің сабы бақандай жуан болатын. Тағы басқа бір шайқас Ғат қаласының түбінде болды. Оған да өте ұзын бойлы бір адам қатысты. Соның аяқ-қолдарында алты-алтыдан, он екі саусағы мен он екі башайы бар еді. Ол да алып Рафаның ұрпағы болатын. Әлгі алып Исраилге тіл тигізіп оны қорлағанда, Дәуіттің ағасы Шаммахтың ұлы Жонатан оны өлтіріп тастады. Осы төртеуі Ғаттағы алып Рафаның ұрпақтары болатын. Олар Дәуіт пен оның жасақшыларының қолдарынан мерт болды.
Выбор основного перевода