Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы Құдайдың алдында жан сала би билеп, жетіген, шертер, даңғыра, дабыл және кернейлерде ойнап, қуана әндетіп келе жатты. Бұлардың басшысы — Асаф, екіншісі — Зәкәрия, солардың қасында Еиел, Шемирамот, Ехиел, Мататия, Елияп, Бенаях, Ғабит-Едом, Еиел де болды. Олар шертер мен жетігенде, ал Асаф сылдырмақта ойнауға тағайындалды. Хеман мен Едутун керней тартып, сылдырмақ соғып, тағы басқа аспаптарда ойнап Құдайға арналған ән-жырларды сүйемелдеуге бекітілді. Едутунның ұлдары қақпаның жанына күзетке қойылды. Дәуіт пен оның қолбасшылары Асафтың, Хеманның және Едутуннің кейбір ұлдарын ерекше көңіл күйіне еніп жетіген, шертер, сылдырмақтың сүйемелдеуімен мадақтау жырларын айту қызметіне айрықша тағайындады. Осы қызметті атқарған адамдардың тізімі мынау: Осы аталғандардың барлығы да Құдай Иенің киелі үйінде сылдырмақ, домбыра, жетігенде ойнап, ән-жыр айтатын. Олар сол қызметті өздерінің әкелерінің жетекшілігімен атқаратын. Асаф, Хеман, Едутун патшаның қарамағында болды.
Выбор основного перевода