Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Сол себепті Жаратқан Иенің алдынан бір от лап етіп шығып, оларды жалмап қойды. Осылайша олар сол жерде Жаратқан Иенің алдында өлді. Исраилдіктердің ел қонысы көшер алдында Һарон және оның ұлдары киелі шатыр мен оның құрал-жабдықтарын жауып болған соң ғана қахаттықтардың жақындап келіп, оларды көтеріп алып жүрулеріне болады. Сол киелі заттардың ешқайсысына қол тигізулеріне болмайды, әйтпесе олар өлім құшады. Қахаттықтардың кездесу шатырындағы алып жүретін заттары осылар. Бірінші кезде оны өздерің алып жүрмегендіктен, Құдайымыз Жаратқан Иенің қаһары бізге лап етті ғой. Оны ереже бойынша қалай алып келу керектігін Құдайдан сұраған жоқ едік». Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай, леуіліктер Құдайдың сандығының бақандарын иықтарымен көтеріп алып жүрді.
Выбор основного перевода