Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Бір күні патша мен оның жасақшылары Иерусалимге аттанып, сол қалада тұрған ебустіктерге шабуыл жасамақшы болды. Ал ебустіктер: «Дәуіт бұл қалаға кіре алмайды», — деп ойлап, оны мазақтап: «Мұнда ешқашан кірмейсің! Кіре қалсаң, соқырлар мен ақсақтардың өздері-ақ сені қуып жібереді!» — деді. Алайда Дәуіт Сион төбесіндегі қорғанды басып алып үлгерді; ол қазір «Дәуіттің шаһары» деп аталады. Сол күні Дәуіт: «Кімде-кім ебустіктерді шабуылдаймын десе, құдық арқылы қалаға кіріп, Дәуіттің жаулары — сол «ақсақ та соқыр» ебустіктерге бас салсын!» — деген еді. «Соқыр мен ақсақ сарайға кірмес» деген мәтел осыған байланысты пайда болды. (Сонымен Дәуіттің адамдары су құбырымен өрмелеп, қамалға кіріп, оны жаулап алды.) Дәуіт қорған ішіне орналасып алып, оны «Дәуіттің шаһары» деп атады. Кейін ол соның саты тәрізді беткейінен бастап ішке қарай айнала үйлер де салдырды. Әлемді Билеуші Құдай — Жаратқан Ие оған жар болғандықтан, Дәуіт барған сайын күшейе түсті. Бунямин руы Иерусалим қаласын мекендеген ебустіктерді қуып шығармады. Ебустіктер осы күнге дейін Иерусалим қаласында буняминдіктермен бірге тұрып келеді. Ақырында исраилдіктер Жаратқан Иені дауыстап шақырып:— Біздер Сенен, өз Құдайымыздан, бас тартып, Бағалдың мүсіндеріне құлшылық етіп ауыр күнә жасадық! — деп көмек беруін өтінді.
Выбор основного перевода