Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Ал Самуилдің жауабы мынау болды:— Сен өз Құдайың — Жаратқан Иенің берген бұйрығын орындамай үлкен ақымақтық жасадың! Осы бұйрықты орындағанда Жаратқан Ие сенің патшалығыңды мәңгілікке бекітер еді. Ал сен Жаратқан Иенің саған бұйырғанын жүзеге асырмадың. Енді патшалық етуің берік болмайды! Жаратқан Ие Өзінің көңілінен шыққан біреуді тауып алады. Сол адам Оның меншікті халқының басшысы болады. Құдайға бағынбау — ауыр күнә, сәуегейлік секілді,Қасарысу — сұмдық іс, жалған тәңірге табыну іспетті!Сен Жаратқан Иенің сөзінен бас тарттың, енді Ол да сені патша етуден бас тартты. Сонда Саул нөкерлеріне:— Маған аруақ шақыратын бір сәуегей әйелді табыңдар! Мен оған барып, ақыл сұрап көрейін, — деп бұйырды. Олар:— Ендор қалашығында аруақ шақыратын бір сәуегей әйел бар, — деді.
Выбор основного перевода